Ақтау мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
Ақтауда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында оқушылар пластик бөтелкенің қақпақтарын жинап, өңдеуге тапсыруда.
Бұл шараға 60 қа жуық оқушы атсалысты. Балалар көшеде шашылып жататын қақпақтарды теріп,
арнайы мекемеге тапсырады. Былтыр қала көшелерінен 1 тоннадан
астам пластик қақпақ жиналған. Ол қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорынға
тапсырылып, түскен қаражат науқас балалардың еміне аударылды. Қоршаған ортаны
аялап, экомәдениетті көтеруге бағытталған акцияға биыл ел бойынша 23 мектеп
қатысуға ниет білдірген.
Бекзат Тілеубеков, оқушы:
Біз табиғатты ластағымыз келмейді. Сол үшін көшеде жатқан қоқысты контейнерге салып жүреміз. Пластикті қайта өңдеп, кәдеге жаратуға болады. Балаларды пластик қақпашаларды жинап, осы акцияға қатысуға шақырамын.
Ал Қостанайлық ерікті жастар «Таза Қазақстан» акциясы
аясында халық арасында ерекше сауалнама өткізді. Табиғат жанашыры әйгілі
мультфильм кейіпкері «Валли» туралы сұрақ қойып, қоғамның қоршаған орта
алдындағы жауапкершілігін еске салды. Ұйымдастырушылар «мұндай ерекше форматтағы шаралар көптің
назарын бірден аударып, ең маңызды құндылықтарды насихаттауға мүмкіндік
береді», - дейді.
Екатерина Гедзур, ерікті:
Жастармен «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысып жатырмыз. Қандай іс жасадық, өз жұмыстармен бөлісіп, тазалықты сақтау үшін, біздің еліміз таза болсын, ойымыз таза болсын деп осындай сөздермен бүгін шығып жатырмыз.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін Мемлекет басшысы «Болашақ ойындары-2026» халықаралық мультиспорт турнирінің ашылу салтанатында сөз сөйлейді
29.07.2026, 13:06
Этнос өкілдері Құрылтай сайлауын талқылады
29.07.2026, 10:50
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадаларда үздік нәтиже көрсетті
29.07.2026, 10:41
Босануға байланысты төленетін ең жоғары әлеуметтік төлем мөлшері - 2,5 млн теңгеге жетті
29.07.2026, 10:39
Ақтауда баланың жақ сүйегін зақымдаған тіс емханасына қатысты іс қозғалды
29.07.2026, 10:37
Жалған құжатпен зейнетақы алғандар анықталды
29.07.2026, 10:36
Астанада қауіпсіздік белдігін тақпаған 20 мыңнан астам жүргізушіге айыппұл салынды
29.07.2026, 10:26
Бүгін «Qazaqstan» телеарнасында ұлттық теледебат өтеді
29.07.2026, 10:24