Көкшетау, Семей және Өскеменде ЖЭС салу көктемде басталады
Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында жылу электр орталығының құрылысы сәуір айында басталады. Әсіресе көкштаулықтар орталықтың құрылысын асыға күтіп отыр. Себебі қазандықтың қуаты 200 мыңға жуық тұрғыны бар шаһарды жылумен қамтамасыз етуге қауқарсыз. Салдарынан қала шетіндегі Юбилейный мен Жайлау ықшамаудан тұрғындары қыстан бүрсең қағып шығады.
Зейнеткер
Любовь Федорова өз үйінде қымтанып,
қалың киініп жүруге мәжбүр. Себебі, аязды күндері үйіндегі
температура төмендеп кетеді. Тіпті электр жылытқыштан да қайыр жоқ, - дейді.
Любовь Федорова, Көкшетау тұрғыны:
Таңертең үйдегі температура 8-9 градусқа дейін төмендеп кетеді. Амалсыздан электрмен жылыту құралын қосамыз. Оның өзінде 14 градусқа дейін көтеріледі, болды. ЖЭО-ның құрылысын тездетеді деп естідім, тезірек салынса жақсы болар еді.
Көкшетаулықтар жылу электр станциясының құрылысын 15 жылдан бері күтіп келеді.
Қызылордадағы құрылтайда Мемлекет басшысының арнайы тапсырма бергенін естіген
жұрт жылу проблемасының енді түбегейлі
шешілетініне сенімді.
Нұрғайша Есмағұлова, Көкшетау тұрғыны:
Қатты аязды күні біздің пәтерлерде 14,15,16 градус суық болып жатыр. Кішкентай балалар бар, немерелер бар, олар да тоңып жатыр. Жылу электр станциясын Президентіміздің шешімімен салыну керек деп естіп жатырмыз. Соған да қуанып жатырмыз.
Үкімет басшысы «Самұрық-Қазына» қорына Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында
жылу электр орталықтарын салу үшін қаңтар айының соңына дейін келісімшартты
бекітуді тапсырды. Көкшетау қаласының
әкімдігі жылу орталығының құрылысы үшін
227 га жер бөлінді.
Ақжол Қылышбаев, Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары:
Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама жасалып жатыр. Құрылыс жұмыстары осы сәуір айында басталатын болады. Қаңтар айында мердігер ұйым анықталады да, қаңтардың соңына дейін келісімшарт жасалады.
Жылу орталығының құрылысына 2
жарым мыңнан астам адам тартылмақ. Нысан 2029 жылы пайдалануға беріледі деп
жоспарланып отыр.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтау мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
23.01.2026, 17:41
Алматыдағы мектепте ЖИ зертхана ашылды
23.01.2026, 17:36
Тараздағы әскери мектеп-интернатқа 180 бала қабылданды
23.01.2026, 17:33
Ғылымға бет бұрған ғалымдар көбейіп келеді
23.01.2026, 17:30
Жастарды қолдау шаралары жүйелі жұмыс істеуде
23.01.2026, 17:27
Абай облысы жедел жәрдем көліктерімен толықты
23.01.2026, 17:24
Қарағанды облысында жаңа мәдениет үйі ашылды
23.01.2026, 17:21
О.Сүлейменовты Нобель сыйлығына ұсынды
23.01.2026, 17:18