Кремльде Путин мен АҚШ өкілдері кездесті
Ресей президенті АҚШ президентінің өкілдерімен кездесті. Америкалық делегация құрамында Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф, Ақ үйдің аға кеңесшісі және Трамптың күйеу баласы болған. Путиннің көмекшісі Юрий Ушаков пен арнайы өкілі Кирилл Дмитриев те осы кездесуге қатысты. Украинадағы соғысты тоқтатудың жолдарын талқылауға бағытталған кездесу жабық өтті. Кремльдің мәліметінше, басқосу 3,5 жарым сағатқа созылған. Жиыннан соң Ушаков бүгін Абу-Дабиде Ресей, АҚШ және Украина өкілдерінің қатысуымен үшжақты жұмыс тобының бірінші отырысы өтетінін хабарлады. Сонымен бірге ол келіссөздің тиімді болғанын мәлімдеді. Тағы бір сөзінде Ушаков кездесуде Трамп құрған «Бейбітшілік кеңесі» де талқыланғанын және аумақ мәселесі шешілмей, қақтығысты ұзақ мерзімге реттеу мүмкін емес екенін де айтты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы