«Келешек мектептерінің» 40 пайыздан астамы ауылдық жерде ашылды
Былтыр «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 112 мектеп пайдалануға берілді. Оның 40%-дан астамы ауылдық жерлерде орналасқан. Бұл білім шаңырақтары 206 мың оқушыға арналған. «Келешек мектептерінің» ерекшелігі неде? Типтік мектептермен салыстырғанда жалпы құрылысы 15-20% көлемді. Үлкен. Төрт спорт залы, кең аулалары, жайлы сыныптары бар. Техникамен қамтамасыз етілуі 4 есеге артық. Қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін бөлек блоктар қарастырылған. IT технологиялары, робототехника кабинеттері мен стем-зертханалары бар. Ағаш өңдеу, тігін үйірмелері – яғни, ерте кәсіптік бағдар беретін мүмкіндіктер қарастырылған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылған «Келешек мектептері» тек білім беретін емес, баланың қабілетін ашатын орта. Аталған жоба тұрғылықты жеріне қарамастан, барлық қазақстандық баланы заман талабына сай сапалы біліммен қамтамасыз етуге бағытталған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы