Астанада Оксфорд университетінің хабы ашылады
Астанада Оксфорд университетінің хабы ашылады. Өзге елдерде өкілдігін аша бермейтін әлемге әйгілі білім ордасымен қазақстандық тарап келісімге келді.
Қазақстандық оқу орындары Оксфорд университетінің 32 колледжі және 100-ге жуық институтымен бірге тәжірибе алмасу, оқыту, консалтинг бойынша жобаларды бірлесе жүргізбек. Бұл 3,5 жылдан бері атқарылған үлкен жұмыстың нәтижесі.
Саясат Нұрбек, Ғылым және жоғары білім министрі:
Тұңғыш рет Оксфордтың тарихында! Олар ешқашан шетелге ешқашан шықпаған. Филиал, осындай өкілдіктерді, орталықтарды ашпаған.
Бұдан бөлек халықаралық Coursera онлайн оқыту платформасымен байланыс тереңдей түседі. Оксфордтың «Саид онлайн» бизнес мектебімен бірге жасалғалы жатқан жоба аясында жасанды интеллект бойынша курстар қазақстандық 95 университеттің студенттеріне қолжетімді болмақ.
Кэролайн Уильямс, Oxford Said online атқарушы директоры:
Студенттерді білім алу жолында қолдап, аймақтың академиялық базасын толықтыратын түрлі материалдар, қосымша білім, инсайттар және зерттеулер ұсынғымыз келеді.
Самғат Ермекбаев, Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ проректоры:
Оскфорд университетімен біз бұған дейін көптеген жұмыстарды жүзеге асырдық. Мынау нақты іс-шаралардың, іс-жобаның біреуі болады деген сенімдеміз.
Оксфорд жыл сайын жаһанның ең озық жоғары оқу орындарының рейтингісінде көш бастап жүр. Болашақта қазақстандық университеттер де әлемдік деңгейде табысты болады, деген сенім бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы