Жетісу облысын газдандыру 91 пайызға жетті
Өткен жылы «Талдықорған – Үшарал» газ құбырының құрылысы толық аяқталып, 134 мың тұрғыны бар Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарының 84 елді мекені көгілдір отынға қол жеткізді. Инфрақұрылымдық жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сай жүзеге асты. Газ магистралінің ұзындығы 302 шақырымнан асады. Қапал, Жансүгіров, Сарқан, Қойлық, Қабанбай, Үшарал елді мекендерінде 6 газ тарату станциялары орналасқан. Құрылыс жұмыстары межеленген мерзімінен 1 жарым жылға ерте аяқталып, ауыл тұрғындарын қуантты.
Қоңыржай Қызталасова, ауыл тұрғыны:
Біздің аудан өте алыс аудан. Қашан біздің ауыл көгілдір отынға қосылады деп, әр үйде қашан жылу болады деп халық үміттенді. Бүгін енді өз алғысымызды білдіреміз.
2025 жылы аймақта тағы 126 елді мекен көгілдір отынмен қамтылды. Нәтижесінде Сарқанд,
Ақсу, Алакөл аудандарын қоса алғанда, Жетісу облысы бойынша газбен қамту
деңгейі 91 пайыз болды. Енді келер жылға дейін өңірдегі 200-ден астам елді
мекенге өркениет игілігін жеткізу жоспарланған.
Айдос Бекетаев, Жетісу облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:
Бұл өте ірі жоба. Енді 84 елді мекенге газ құбыры кіргізілсе,133 мың халытың табиғи газға қол жеткізуге, қосылуға мүмкіншілігі болады.
Автор
Дамир Нұрмұхамет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06