Көкшетаулықтар қоқыс жәшіктерінің аздығына наразы
Көкшетаулықтарды қаланың санитарлық ахуалы алаңдатады. Қоқыс төгетін арнайы орындар мен жәшіктер тапшы, жылына 100 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылады, бірақ қоқыс сұрыпталып өңделмейді.
Бибінұр Әмірханқызы, тілші:
Қоқыс жәшіктерінің аздығы, әсіресе тұрғындар көп шоғырланған аудандарда қатты байқалады. Бұл - орталық базар, Юбилейный және жаңадан бой көтерген Сарыарқа шағынаудандары. Облыс орталығында қоқыс төгетін арнайы 238 алаңқай бекітілген. Ондағы жәшіктердің саны 1300 дана.
Экобелсенділер Жібек пен Ұлдана қаланың
санитарлық тазалығына алаңдаулы.
Олардың айтуынша, екі жүз мыңға жуық тұрғыны бар шаһарда тазалықты қамтамасыз
ету үшін қоқыс алаңқайлары мен жәшіктерінің санын көбейту керек.
Жібек Мүтталабова, экобелсенді:
Экобелсенді ретінде айтарым - қазіргі таңда қалада қоқыс жәшіктерінің саны жеткіліксіз. Бұл деп отырғанымыз - экологияға тікелей әсерін тигізеді. Осы уақытқа дейін байқағанымыздай, қазіргі таңда жаңадан бой көтеріп жатқан Сарарқа шағынауданында, қаланың шет аудандарында көптеген қоқыс жәшігі қажет.
Қоқыс жәшіктерінің тез толатынына шаһар тұрғындары да наразы.
Қаланың коммуналдық шаруашылығына жауапты мамандар халық қоқысты жәшікке емес, сыртқа лақтырып кетуге әдеттенген деп санайды. Тұрғындарды тазалықты сақтауға үндеу мақсатында тәртіп сақшыларымен бірлесіп, рейд ұйымдастыруды да қолға алған.
Ерболат Серікбаев, Көкшетау қалалық ТҮКШ бөлімінің жетекшісі:
Мысалы, Сарыарқа шағын ауданы, жаңа құрылыстар пайда болып жатыр, жаңадан тұрғын үйлер тұрғызылып жатыр. Сол себептен біз қатты тұрмыстық қалдықтардың нормасын қайтадан есептеп, қосымша контейнерлер орындарын анықтаймыз.
Облыс орталығында қоқысты шығаратын екі компания бар. Олар шаһарды төрт ауданға
бөліп алған. Екі ауысымда жұмыс істегенмен, ескі техника жиі бұзылған соң,
жұмыс кешеуілдейтінін олар да жасырмайды.
Дархан Әбішев, «Таза қызмет» ЖШС басқарушы директоры:
Қоқыс тазалайтын он бес техникамыз бар. Күніне шамамен 130 тонна қоқыс шығарамыз. Бәрін уақытында шығарамыз, кейде техника істен шығатын күндер болады. Сол кезде резервтегі техниканы шығарамыз.
Экологиялық
мәселелерге арналған «ТazaQazBot» платформасына көкшетаулықтар тарапынан 160
өтініш келіп түскен. Оның басым бөлігі осы қоқыс мәселесіне байланысты. Нақ осы
өтініштер бойынша шаһарда жаңадан қоқыс төгетін алаңқайларды
көбейту көзделген. Бірақ жиналған қоқысты сұрыптап, өңдеу ісі өңірде кенже
қалып келеді.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны құру туралы Жарлыққа қол қойды
22.01.2026, 13:23
Әскерде дрон операторларын дайындау басталады
22.01.2026, 13:20
Шымкенттен 1 күнде 80 тоннадан астам қоқыс шығарылды
22.01.2026, 13:18
Жамбыл облысында 10 су қоймасы салынады
22.01.2026, 13:12
Жаңа Зеландияда лай көшіп, біраз адам жоғалып кетті
22.01.2026, 13:09
Пәкістандағы өрттен қаза тапқандар саны алпысқа жетті
22.01.2026, 13:06
Бір палаталы Парламент – тиімді басқару жолы
22.01.2026, 13:03
Елімізде дәрі-дәрмек өндіретін ірі 4 зауыт салынады
22.01.2026, 13:00