Басты Жаңалықтар Әлемнің өзекті және қызықты жаңалықтарына қысқаша шолу

Әлемнің өзекті және қызықты жаңалықтарына қысқаша шолу

Экс-премьерге оқ атқан ер адам өмір бойына қамалды

Жапония соты елдің экс-премьері Синдзо Абэні оқ атып өлтірген ер адамды өмір бойына бас бостандығынан айырды. Тэцуя Ямагами кінәсін мойындады. Ол өзі қолдан жасаған қарудан 2022 жылы Абэге екі мәрте оқ атқан.

Барселона маңында пойыз апатқа ұшырады

Испанияның Каталониясында тағы пойыз апаты болды. Пойыз вагонына тірек қабырға құлаған. Машинист қаза тауып, 37 адам жараланды. Бұдан екі күн бұрын елдің оңтүстігінде екі жүрдек пойыз соқтығысып, 42 адам қаза тапқан еді.

Медбикелер ереуілі жалғасып жатыр

Нью-Йоркте медбикелердің ереуілі екінші аптаға созылды. 15 мың медбикенің талабы - ортақ: персонал жетіспеуін реттеу және еңбек қауіпсіздігін күшейту. Кәсіподақтардың мәлімдеуінше, медбикелерге түскен салмақ ауыр.

Алтын бағасы алғаш рет 4800 доллардан асты

Алтын бағасы 4800 доллардан асты. Доллар әлсіреп, инвесторлардың алтынға сұранысы артты. Бұған АҚШ президенті Дональд Трамптың Гренландияна күшпен басып алу туралы мәлімдемелері, Еуропа мен АҚШ арасында сауда соғысының қайта басталу қаупі әсер етті.


Бөлісу