«Таза Қазақстан»: Белсенді жастар пікірталас алаңында бас қосты
«Таза Қазақстан» – бұл әдемі ұран емес, бұл – күнделікті қажырлы еңбектің нәтижесі». Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда айтқан ойын батысқазақстандықтар да қуаттайды.
Оралда акция аясында жастар мен экологтар «Таза Қазақстан - бірлік пен жауапкершілік» пікірталас алаңында бас қосты. Іс-шарада суды үнемдеу, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану, экологиялық талаптарды сақтау мәселелері талқыланды. Жастарға «Таза Қазақстан» акциясының идеологиялық мақсаты түсіндірілді. Былтыр белсенді жастар 938 сенбілікке қатысқан. Студенттер мен оқушылар арасында 110 түсіндірме шарасы ұйымдастырылған. Кездесуде жастар өз ойларын ортаға салып, сөйлеушілерге сұрақ қойды.
Нұрсұлтан Сәрсенбаев, облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысының орынбасары:
Президентіміз кешегі Құрылтайда айтқан болатын: «Таза Қазақстан» – бұл жалаң ұран емес, бұл – біздің күнделікті тірлігімізде қалыптасуы қажет мәдениет деп. Осыған орай біз де жастарға насихат жұмысын күшейтіп жатырмыз. Біз орталық тарапынан өзіміздің экобелсенділер тобына жастарды тартып жатырмыз.
Раушан Жұмағали, студент:
Әр сенбі сайын жатақхана, университет айналасындағы қоқыстарды реттейміз. Қазіргі кезде ауа райына орай қар күреу, қардан тазалау жұмысына белсенді қатысып жүрміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы