Ақтөбеде бір жылда 26 саябақ салынады
Ақтөбеде биыл 26 саябақ салынады. Бұл нысандар жергілікті кәсіпкерлердің қаржысына абаттандырылады. Ең қызығы, саябақтардың эскизін сәулет мамандығында оқитын студенттер дайындаған. Жауаптылардың айтуынша, бұл «Таза Қазақстан» акциясына да серпін беруі тиіс.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Бұл қала орталығындағы үлкен саябақтардың бірі. Жылдар бойы қараусыз қалған еді. Кейін жекенің қолынан қала әкімдігінің балансына өтті. Енді бұл нысан да демеушілердің қаржысына қайта жаңғыртылады.
Жаңа демалыс алаңдары қараусыз қалған учаскелер мен мемлекет меншігіне қайтарылған ескі автотұрақтардың орнынан бой көтереді. Сондай-ақ, ұзақ жыл күтім көрмеген саябақтар мен скверлер жөнделіп, абаттандырылады. Қазірдің өзінде 26 саябақтың 24-ін салатын кәсіпкерлер дайын.
Зұлқожа Қожаев, кәсіпкер:
Өзіміздің отбасымыздың атынан, фирмамыздың атынан тағы бір сквер салмақшы ойымыз бар. Оны кеше қала әкімімен келісіп, Жилгородок ауданынан шағын ғана сквер салмақшы болып жатырмыз.
Қала басшысы мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелеріне жаңа жобаларды таныстырды. Шараға демеушілер де шақырылды. Сондай-ақ студенттер арасында өткен «Жаңа идея – жайлы қала» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Жаңа саябақтар осы жобалар бойынша салынады.
Санжар Мәжитов, студент:
«Байланыс» деген жобамыз бар. Ол қаланың «Астана» және «Алматы» аудандарын жалғастырып тұр. Басты функциясы – ол жерде жауынның, қардың суы ол жерде батпақ болып жатады. Тротуар жоқ. Сондықтан сол жерге транзиттік жол салу ұсынысын ұсындық.
Абаттандыру жұмысы екі бағытта жүреді. Біріншісі – жаңа қоғамдық демалыс орындарын салу, екіншісі – ескірген саябақтарды реставрациялау.
Жұмыс барысын қадағалау үшін әр нысанға бір депутат пен бір қоғамдық кеңес мүшесі бекітіледі.
Азамат Бекет, қала әкімі:
2025 жылғы 15 жобаның құнын алатын болсақ, біз млрд теңгедей, яғни жергілікті бюджеттен үнемдеу жасадық. Ескірген бізде парктер, скверлер көп. 26-ның 16-сы ескірген саябақтарды реконструкциялау, оны жаңадан қалыптасып келе жатқан қоғамдық кеңістік.
Биыл салынатын саябақтардың құны жария етілмеді. Дегенмен эскиздік жобалары толық дайын. Құрылыс жұмыстары көктемде басталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы