Көкшетаудағы колледжде шағын цехтар ашылды
Көкшетаудағы Құрылыс-технологиялық колледжде пилоттық жобадағы үш шағын цех ашылды.
Нәтижесінде студенттер дәнекерлеу, ағаш өңдеу және аспаздық цехтарында теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде шыңдауға мүмкіндік алды. Мәселен, болашақ дәнекерлеушілер нақты өндіріске мейлінше жақын жұмыс істеп, темірден түрлі бұйым дайындайды. Ағаш шеберханасында болашақ мамандар ағаш өңдеудің заманауи технологияларын меңгереді. Ал аспаз цехында студенттер тапсырыс бойынша тәтті торттар мен тоқаштар пісіреді. Осылайша білім ошағы өздері шығарған өнімдерден кіріс тауып отыр. Дәл осындай тәжірибе облыстағы тағы 3 колледжде жүзеге асуда.
Мадина Тұрлыбекова, өндірістік оқыту шебері:
Мұнда студенттер тек қана теорияны ғана емес, нақты жұмыс процесін үйренеді, тапсырыстар қабылдайды, өнім дайындайды және кәсіби дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Шағын кәсіпорын студенттердің кәсіби шеберлігін арттыруға, жұмысшы мамандықтарының беделін көтеруге және колледж материалдық технологиялық базасын нығайтуға мүмкіндік береді.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06