Жалғыз тұратын қарттардың ауласы қардан тазаланды
Ақмола облысының Астрахан ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалғыз тұратын қарттардың ауласы қардан тазаланды.
«Ардагерлерді ардақтайық» жалауымен өткен акция ауданның барлық елді-мекендерінде ұйымдастырылды. Оған жергілікті еріктілер, оқушылар мен студенттер және аудандық полиция мен төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері қатысты. Тек аудан орталығында жалғызілікті 21 зейнеткердің ауласы қардан тазаланды. Ондағы мақсат әлеуметтік жауапкершілікті арттырып, қарт адамдарға қолғабыс ету.
Еламан Қадырханұлы, Астрахан аудандық ТЖБ қызметкері:
Осындай акцияға қатысу жауапкершілікке, өзара көмекке және аға буынға деген
құрметке тәрбиелейді. Жастардың бей-жай қалмай, тазалық пен тәртіп ең алдымен
адамдарға деген қарым-қатынастан басталатынын түсінгені өте маңызды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы