Ресейде алаяқтар көбейіп кеткен
Ресейде алаяқтардың кесірінен тұрғындар соңғы алты айда 8,2 миллиард рубльінен айырылған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 50 пайызға көп. Сондықтан қылмыстың бұл түріне қатысты жазаны күшейту ұсынылды. Банктік шоттан ұрлық жасағаны үшін сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, оған қоса 500 мың рубль айыппұл салынады. Электрондық төлем құралдарын, сондай-ақ ұйымдасқан топпен алаяқтық жасағаны үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және 1 миллион рубльге дейін айыппұл салу қарастырылған.
Константин Крохин, сарапшы:
Мыңдаған зейнеткер, мыңдаған қарапайым отбасы алаяқтардың құрбаны болып, баспанасынан айырылды. 9 мыңнан астам іс сотта қарауда. Өкінішке орай бұл азаматтар заңмен қорғалмаған, үйін қайтаруға жылдар кетеді. Сондықтан баспананы заңсыз иемденген алаяқтарға да жазаны қатаңдату керек.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар кітап оқуға қаншалықты көңіл бөледі?
06.11.2026, 20:28
Көшбасшы әйелдердің республикалық семинары өтті
06.11.2026, 20:27
Еңбек – адамды биікке жетелейтін құндылық
06.11.2026, 20:26
Жоғары білімнің болашағы талқыланды
06.11.2026, 20:25
Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады
06.11.2026, 20:25
Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысын құру ұсынылды
06.11.2026, 20:24
ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды
06.11.2026, 20:22
Құрылтай депутаттары жастармен кездесті
06.11.2026, 20:18