Испаниялық танымал журнал Шымбұлақ пен Медеуді жоғары бағалаған
Испанияның беделді Viajar туристік журналы Алматыны әлемдегі ең бірегей таулы қалалардың қатарына қосты. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады. Басылым бетінде жарияланған мақалада Алматы тау шаңғысы инфрақұрылымы дамыған Австриядағы Инсбрук, Зальцбург, Франциядағы Гренобль шаһарларымен қатар аталған. Мақала авторлары әсіресе Шымбұлақ тау шаңғысы курорты мен Медеу спорт кешеніне ерекше назар аударыпты. Қаладан тікелей жетуге болатын заманауи аспалы жол теңіз деңгейінен 3 мың метрден астам биікке көтеріп, Іле Алатауының көркем келбетін көрсетеді. Ал таулы ашық мұз айдыны орналасқан Медеу кешені бірегей табиғи орта мен спорттық инфрақұрылымды үйлестіре отырып, қонақтарға ұмытылмас әсер сыйлайды деп жазған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06