Мемлекеттен грант алған актер мобильді театр ашты
Оралда мемлекеттен 5 млн теңге қайтарымсыз грант алып, шағын театр ашқан актер өңір мәдениетінің дамуына үлес қосып жүр.
Поэзия мен музыка, сахналық этюд жанрлары тоғысқан заманауи кеште өлең оқылып, ән шырқалды. Театрландырылған көрініс қойылды. Мемлекеттен қаржылай қолдау алған өнер иесі бұған дейін телехикаялардың сахналық нұсқасын көрермендерге ұсынған. Ал акустикалық кеш қазіргі көрермен талғамы мен сұранысына орай қолға алынған. Әдемі кеште әншілер мен актерлер, әртүрлі аспапта орындаушылар келушілерге рухани демалыс сыйлады.
Нұржігіт Сейітмаханбетов, мобильді театр жетекшісі, актер:
Менің жобамның бір ерекшеленгені — облыстағы мобильді театр. Ол үлкен ғимаратты талап етпейді. Қай жер бос сол жерде қойылым қоя береді. Бұл Еуропа елдерінен келіп жатқан жаңалық десек те болады. Содан жобам мақұлданды. Өйткені біздің облыста ондай жоқ екен. Көбінесе кәсіптер қайталана береді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06