Зафар Қосимов, қоғам белсендісі:
Өте дұрыс бастама. Кітап оқуға құштар жан ретінде мен бұл өзгерісті қолдаймын. Жазасын өтеушілердің кітап оқуға деген ынтасы артады әрі моральдық тұрғыда жақсы жағына өзгеруге талпынады деген ойдамын.
Өзбекстан билігі жазасын өтеушілерге ерекше жеңілдік жасамақ. Биылдан бастап кітап оқыған тұтқындардың жаза мерзімі қысқаратын болды. Тиісті заңға ел президенті қол қойды. Мақсат - сотталушылардың кітап арқылы түзу жолға түсуіне мүмкіндік беру. Алайда өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар бұл жеңілдікті қолдана алмайды. Сотталғандар оқуға болатын кітаптардың тізімін республикалық рухани-ағарту орталығы бекітеді. Жазасын өтеуші бір кітапты оқып, одан емтихан тапсырса, түрмедегі мерзімі 3 тәулікке қысқарады. Әр тұтқын жылына 10 кітапқа дейін оқи алады.