Мерзімді әскери қызметтегі азаматтарға несие берілмеуі мүмкін
Мерзімді әскери қызметтегілер бұдан былай несие ала алмауы мүмкін. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тиісті қаулы жобасын әзірлеп, қоғамдық талқылауға ұсынды. Қаулы банктер мен микроқаржы ұйымдарын несиеге өтінім қабылдау кезінде азаматтың әскери мәртебесін тексеруге міндеттейді. Сондай-ақ құжатта мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге қатысты Қорғаныс министрлігі мен кредиттік бюролар арасындағы ақпарат алмасу тәртібі белгіленген. 2025 жылдың қараша айындағы ақпаратқа сүйенсек, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер қаржы ұйымдарына 9 миллиард теңге қарыз. Қаулы жобасы «Ашық нормативтік құқықтық актілер» порталында 3 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06