Ұлттық құрылтай аясында қандай заңдар қабылданды?
Сонымен Сыр елінде бүгін бесінші ұлттық құрылтай өтеді.
Бұған дейінгі жиындар қайда өтті? Онда көтерілген мәселелер тегіс жүзеге асты
ма? Әріптесім Айжан Иманғали шолу жасап шықты.
Айжан Иманғали, тілші:
Бұған дейін Ұлттық құрылтай 4 рет, яғни Ұлытау, Түркістан, Атырау және Бурабайда өтті. Алқалы әр жиында қоғам дамуына қатысты маңызды бастамалар көтеріліп, заңдар қабылданды. Осыған дейін Құрылтай бастамасымен 26 заң қабылданды. Соның ішінде: Республика күні ұлттық мереке болды, Түркістан қаласына ерекше мәртебе берілді, әйелдер мен балаларды қорғау, вандализммен күрес, есірткі тасымалына жауапкершілікті күшейту заңмен бекітілді. Сондай-ақ вейптерге тыйым салу, лудоманияға қарсы шектеулер қою, БАҚ туралы жаңа заң, онлайн-платформаларды реттеу қолға алынды, ғылым мен білім заңнамасына түзетулер, мемлекеттік наградаларды стандарттау, «Айбын» орденіне батырлар есімін беру, жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру бойынша заңдар қабылданды. Құрылтай шешімімен бірнеше кешенді жоспар мен бағдарлама іске асырылуда. «Адал азамат» тәрбие бағдарламасы енгізіліп, ұлттық кітап күні белгіленді, Ясауи мұраларын зерттейтін ғылыми орталық құрылып, «Әзірет Сұлтан» қорығына ұлттық мәртебе берілді. Нашақорлыққа, лудоманияға қарсы және волонтерлікті дамытуға арналған 2026 жылға дейінгі жол карталары әзірленді. Басым бағыттардың тағы бірі – Тәуелсіздіктің 40 жылдығына дейін цифрландыру, ЖИ, көлік-транзит, энергетика, агроөнеркәсіп және адам капиталын дамыту басты назарда болады. Бесінші отырыста осы бағыттарды дамытудың жаңа тетіктері талқыланады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06