Азаматтарды алаяқтық несиеден қорғау керек
Азаматтарды алаяқтық несиеден қорғау керек. Яғни қарапайым тұрғын зардап шекпеуі тиіс. Әуре-сарсаңға түсіп, сот табалдырығын тоздырып жүрмеуі керек. Банк мүддесі бірінші орында болмағаны абзал. Алаяқтарға несие берген банк өзі жауапты болуы тиіс. Мәжіліс депутаты, Ұлттық құрылтай мүшесі Мұрат Әбенов ертең осы мәселені келелі жиында көтеруге ниетті.
Мұрат Әбенов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ұлттық құрылтайдың мүшесі:
Мысалы, алаяқ сенің атыңнан несие алады. Бірақ сен білмейсің. Бірақ банк айтады: сен сотқа бер, сені алдады дейді. Қалай мені алдады? Банк сенікі, ақша берген сен. Жалған құжат қабылдаған сен. Неге мен оны сотқа беруім керек? Банк жәбірленуші болуы керек. Банк сотқа беріп, өзі іздесін. Адамдарға тимесін. Осы банк туралы үш мәселе туралы ұсыныс бердім.
Отандық фильмдердің сапасына қатысты тиісті органдар жұмыс істеп жатыр
Ал депутат Жанарбек Әшімжан отандық фильмге қатысты пікір білдірді. Ұлттық құрылтай мүшесі жекеменшік кинокомпаниялардың сценарийі тексерілетінін жеткізді.
Жанарбек Әшімжан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ұлттық құрылтайдың мүшесі:
Жекеменшік киностудиялардың сценарийі түгел бақылаудан өтеді. Түгел қаралады. Одан кейін экранға жолдау, мемлекеттік қаржыға түсірілген фильмнің экраннан дұрыс уақытта көрсетілуі - барлығы өз деңгейінде шешімін тапты. Ал ютубтағы фильммен біраз шешімдер бар. Оған қатысты тиісті органдар қызмет жасап жатыр.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01