Ректор жастардың мамандық таңдауда жіберетін қателіктерін атады
Аударма ісі. Былтыр дәл осы мамандықты көптеген мектеп бітірушілер таңдаған. Бірақ грантқа түсе алмаған. Дәл осы тұрғыда Ақтөбе Мемлекеттік университетінің ректоры жастардың мамандық таңдаудағы қателіктерін атады. Ұлттық құрылтайда арнамыздың көшпелі студиясында сұқбат берген ректар жастарға өз кеңесін атап өтті.
Лаура Қарабасова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің
ректоры:
Түлектер білуі керек: экономикаға қандай мамандықтар қажет болып жатыр? Бұл тек мемлекетттік грантқа түсу мәселесі емес қой. Кейін олар өз өмір жолын қалай құрады? Жұмыс орнын таба ала ма? Жалақысы қалай болады? Еңбегі ақтала ма деген мәселеге келгендіктен, біз осындай сәйкессіздіктерді көріп отырмыз.
Ал Мәжіліс депутаты, Ұлттық құрылтай мүшесі Максим Рожин мәдениет үйлеріне
қатысты мәселені Ұлттық Құрылтайда көтеруге ниетті. Ол жерде материалдық
техникалық жабдықпен қамтамасыз ету, кадр сынды мәселелер бар.
Максим Рожин, Мәжіліс депутаты:
Кадрға көп мәселе байлданысты. Біз Кеген ауданында жергілікті театрға бардық. Сол жерде жас жігіттер Алматыдан көшпелі жастар театрын алып келеді. Жастарға тегін қойылым жасайды. Яғни бұл жұмыс жүйелі түрде жасалуы керек.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Инвестициялық қауіпсіздік деңгейі бойынша Қазақстан 150 мемлекеттің ішінде 53-орынға көтерілді
23.07.2026, 09:14
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16