Ресейдің Камчаткасында қардың қалыңдығы 4 метрге жеткен
Ресейдің Камчатка өлкесінде соңғы 30 жылда болмаған қар жауды. Оның қалыңдығы 4 метрге жеткен. Ақ ұлпа өңірде 1 аптадан астам уақыт жауған. Қалалар мен ауылдарды, көліктерді, үй кіреберістерін толықтай қар басты. Тіптен кей жерлерде қар көп қабатты ғимараттардың 9-шы қабатына дейін жеткен. Мектептер мен колледждерде сабақ тоқтап, балалар қашықтан оқуға көшті. Коммуналдық қызметтер күні-түні жұмыс істеуге мәжбүр. Алайда көшелерді тазартуға арнайы техниканың да күші жетер емес. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты авиация мен қоғамдық көлік қатынасы қиындады. Қалың қардың салдарымен күреске полиция, құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметі тартылған. Ғалымдардың айтуынша, мұндай ауа-райына Тынық мұхит үстіндегі циклон ықпал етсе керек.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар кітап оқуға қаншалықты көңіл бөледі?
06.11.2026, 20:28
Көшбасшы әйелдердің республикалық семинары өтті
06.11.2026, 20:27
Еңбек – адамды биікке жетелейтін құндылық
06.11.2026, 20:26
Жоғары білімнің болашағы талқыланды
06.11.2026, 20:25
Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады
06.11.2026, 20:25
Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысын құру ұсынылды
06.11.2026, 20:24
ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды
06.11.2026, 20:22
Құрылтай депутаттары жастармен кездесті
06.11.2026, 20:18