Басты Жаңалықтар Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті

Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті

Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президентке Жұмыс тобы атқарған қызметін баяндады. Парламентті трансформациялауға қатысты ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің көлемі ауқымды екеніне назар аударды. Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев азаматтардан келіп түскен ұсыныстар негізінде Конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобы мүшелері әзірлеген басты тәсілдер туралы баяндады. Парламенттік реформадан бөлек, Жұмыс тобына азаматтардан мемлекеттік құрылымның жалпы мәселелері мен саяси және қоғамдық институттарды жетілдіруге қатысты 1,6 мыңға жуық ұсыныс келіп түскен. Отырысты қорытындылаған Мемлекет басшысы конституциялық реформаны талқылауға жарты жылға жуық уақыт кеткенін атап еске салды және қыркүйек айындағы халыққа жолдауынан кейін өрбіген қоғамдық пікірталастарды мұқият қадағалып отырғанын жеткізді.


Бөлісу