Жамбыл облысында бес ауылды орталықпен жалғап тұрған көпір апатты жағдайда
Жамбыл облысы, Сарысу ауданындағы 5 ауылдың арасын жалғайтын алып көпір апатты жағдайда тұр. Осылай деген бұқара бетондарында жарықтар пайда болған өткел бір күні құлай ма деп қауіптенеді. Өйткені тіреуі де шатқаяқтап әрең тұр. Қазіргі қалпына қарап 3 жыл бұрын жөндеу жүрді деуге сену қиын дейді. Тіпті соңғы 40 жылда 3 рет жаңғыртылған. Соңғы рет 737 млн теңгеге жөнделген. Тәулігіне 200-дей көлік қатынайтын көпірдің ауылдар арасындағы барыс-келіс үшін маңызы зор.
Ғабит Бигулин – Досбол ауылының тұрғыны:
Ремонтты көріп тұрсыз ғой, 3 жылға шыдай алмай жатыр! Арлы-берлі өтуге қорқамыз уже... Тоқтап көріп барып өтеміз. Камаздар өтеді, соның бәріне шыдай алмай жатыр.
Ал аудан атқамінерлері көпірді апатты деп айтуға келіспейді. Кеңестік кезде салынған көпірдің жағдайы талапқа сай деп отыр. Бірақ жаңғыртуды қажет етеді дейді. Әзірге жөндеуге қажетті қаржы қайта зерделеуден кейін белгілі болмақ.
Дархан Абдуанов — Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы:
Досболдағы көпірдің жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Оны әлі де күтіп ұстау жұмыстары аясында жұмыстар жүргізіледі. Ағымдағы жылы облыстық маңызы бар автожолды күтіп ұстау жұмыстары аясында көпір жақтауларын, бетон өткелдерін ағымды жөндеуден өткізу жоспарда бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы