V ұлттық құрылтай: Секциялық жұмыстар басталды
Қызылордада 5-ші Ұлттық құрылтайдың жұмысы басталды. Бүгін бірнеше бағыт бойынша секциялық отырыстар өтеді. Қазір өңірдегі тілшіміз Әділбек Серікұлы тікелей эфирге шығуға әзір.
Қайырлы таң Әділбек, ашық диалог алаңында қандай мәселелер көтеріледі? Күн тәртібі бекітілді ме?
Әділбек Серікұлы, тілші:
Қайырлы таң. Иә, құрылтай мүшелері төрт секцияға бөлінген. Түске дейінгі бағдарламада білім және ғылым, әлеуметтік-мәдени даму бағыттары бойынша ұсыныс-пікірлер айтылады. Елдің дамуына серпін беретін ұтымды идеялар мен өзекті бастамалар құрылтай мүшелерінің талқы таразысынан өтіп, ресми хатталатын болады. Секциялық отырыстардың басталғанына да бірер минут қана уақыт болды. Менің жанымда ұлттық құрылтай мүшесі, белгілі ғалым Дихан Қамзабекұлы тұр.
Дихан Қамзабекұлы — Ұлттық құрылтай мүшесі:
Түстен кейін азаматтық қоғам және экономикалық даму секцияларының отырысы өтеді. Жалпы былтыр Бурабайда өткен ұлттық құрылтайдың қорытындысымен Президент Үкіметке 54 нақты тапсырма жүктеген болатын. Соның бір сыпырасы бүгінде орындалған. Атап айтсақ, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, құмар ойынға, есірткі саудасына қарсы қылмыстық жауапкершілік күшейтіліп, заңдарға бірқатар өзгерістер енгізілді. Ал білім саласы бойынша елде 15 апатты мектеп қайта салынып, үш ауысыммен оқыту мәселесі шешімін тапты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06