Иесіз жануарларды тамақтандыру заңды ма?
Аулаларда және саябақтарда құстарды, тиіндерді, қаңғыбас иттер мен мысықтарды тамақтандырғаның үшін айппұл төлейсіз! Соңғы кезде әлеуметтік желілерде осындай ақпарат тарай бастады. ІІМ министрлігі бұл деректерді жоққа шығарды. Яғни иесіз жануарларды тамақтандырғандарға ешқандай жауапкершілік қарастырылмаған. Дегенмен тамақтандырудан кейін тағам қалдықтарды жинамаған, аулалар, саябақтар, скверлер және өзге де ортақ пайдаланылатын орындарды ластаған, сондай-ақ рұқсат етілмеген қоқыс тастаған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Нақтырақ айтсақ, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 432-2-бабы қолданылады және 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе 40 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады. Қайтадан құқық бұзушылық жасалған жағдайда 20 айлық есептік көосеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе 80 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту көзделген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы