Әлем жаңалықтарына шолу
Әлемде болған өзекті және қызықты жаңалықтарға қысқаша шолу жасап шығайық.
Оңтүстік Кореяның экс-президенті 5 жылға сотталды
Оңтүстік
Кореяның экс-президентін 5 жылға түрмеге қамау туралы шешім шықты. Юн Сок Ёль
елде әскери жағдай енгізбек болғаны үшін айыпты деп танылды. Бұған қоса
экс-президент өзін тұтқындауға кедергі келтіргені үшін де жаза арқалады.
Сонымен бірге Юн ресми құжаттарды қолдан жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Трамп Венесуэла оппозициясының лидері Мачадоның Нобельдік медалін
қабылдады
Венесуэла оппозициясының лидері Мария Корина Мачадо былтыр иеленген Нобельдің бейбітшілік сыйлығының медалін АҚШ президенті Дональд Трампқа тапсырды. Мұны лауреат Ақ үйде Құрама Штаттар жетекшісімен кездескеннен кейін мәлімдеді. Көп кешікпей ресми Вашингтон Трамптың аталған медалді өзінде қалдыратынын растады.
Аустралияда 5
млн жасөспірімнің аккаунты жойылды
Аустралияда
16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салынғанына бір
айдан асты. Осы уақыт ішінде 4,7 миллион жасөспірімнің аккаунты жойылған. Қазір
Австралияның тәжірибесін бүкіл әлем жіті бақылап отыр. Франция, Малайзия,
Индонезия дәл осындай заң қабылдайтынын мәлімдеді.
Таяу
Шығыста соғыс басталғалы 71 мың адам қаза тапқан
Газа
секторында Хамас пен Израиль арасындағы қарулы қақтығыстан қаза тапқандар
саны 71 400-ден асты. Уақытша бітім жарияланса да, шабуыл тоқтамай тұр. Рейтер агенттігінің мәліметінше, былтыр қазанның 11-де атысты тоқтату
режимі күшіне енгелі 450-ден астам адам қаза тауып, мыңнан астам палестиналық
жараланған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы