Алматы айналма теміржолында техникалық қозғалыс басталды
Алматы бекетін айналып өтетін темір жолдағы техникалық қозғалысқа рұқсат етілді. Бұл туралы Президент қабылдауында болған «Қазақстан темір жолы» компаниясының басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов айтты. Оның сөзінше, былтыр пайдалануға берілген Достық – Мойынты теміржолының екінші желісі арқылы 6 миллион тонна жүк жеткізілген. Жалпы тарифтік жүк айналымы 10 пайызға артты. Экспорттық тасымал 89 миллион тоннадан асқан. Жасанды интеллектіні енгізу арқылы цифрлық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Президент теміржолшыларға арналған қолжетімді тұрғын үй салу бастамасын құптады. Сонымен қатар ірі шетелдік компаниялармен ынтымақтастықты нығайту, цифрлық шешімдерді енгізу, мультимодальдық логистиканы дамыту жөнінде тапсырма берді.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06