Алматы айналма теміржолында техникалық қозғалыс басталды
Алматы бекетін айналып өтетін темір жолдағы техникалық қозғалысқа рұқсат етілді. Бұл туралы Президент қабылдауында болған «Қазақстан темір жолы» компаниясының басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов айтты. Оның сөзінше, былтыр пайдалануға берілген Достық – Мойынты теміржолының екінші желісі арқылы 6 миллион тонна жүк жеткізілген. Жалпы тарифтік жүк айналымы 10 пайызға артты. Экспорттық тасымал 89 миллион тоннадан асқан. Жасанды интеллектті енгізу арқылы цифрлық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Президент теміржолшыларға арналған қолжетімді тұрғын үй салу бастамасын құптады. Сонымен қатар ірі шетелдік компаниялармен ынтымақтастықты нығайту, цифрлық шешімдерді енгізу, мультимодальдық логистиканы дамыту жөнінде тапсырма берді.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04