Басты Жаңалықтар Қосшы қаласында мың адамға арналған емхана құрылысы аяқталды

Қосшы қаласында мың адамға арналған емхана құрылысы аяқталды

Ақмола облысының Қосшы қаласында мың адамды қабылдауға қауқарлы емхана құрылысы аяқталды. Жоба құны 30 млрд теңге. Медициналық нысан толығымен жеке инвестиция есебінен салынды.

Емханада алғашқы медициналық-санитарлық, шұғыл, жоспарлы және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетіледі. Бүгінгі күннің өзінде мекеме заманауи медициналық жабдықтармен қамтылған. Инвестор жыл соңына дейін 350 төсек-орынға арналған стационардың құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр. Онда Қосшы қаласымен қоса Астананың айналасындағы 7 ауданның тұрғындары емделе алады. Жаңа медициналық мекемеде 700-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтіледі. Жалпы соңғы екі жылда облыста 38 медициналық нысан салынып, пайдалануға берілді.

Марят Ахметжанов, Ақмола облысының әкімі:

Емханадан басқа, ауруханадан басқа бұл жерде пансионат салынады. +скл. Жазда құрылыс басталады, жүз пәтерге үй салынады мамандарды тарту үшін. 


Бөлісу