Өзбекстанда халық санағы басталды
Өзбекстанда халық санағы басталды. Көрші елде жалпыұлттық санақ соңғы рет 1989 жылы өткізілген. Халық санағында тұрғындар мен ауыл шаруашылығы бойынша деректер жиналады. 45 күнге созылатын шара бірнеше кезеңнен тұрады. Алғашқы екі аптада тұрғындар үшін онлайн санақ қолжетімді болады. Халық арнайы портал арқылы форманы онлайн толтыра алады. Олардың тізімі мен мекенжайы туралы мәлімет ақпан айының басында өңделеді. Ал мұнан соң санақшылар үй-үйді аралап, онлайн өтпеген тұрғындарға сауалнама жүргізеді. Бір жылдан астам уақыт шетелде тұрып жатқан азаматтар, аккредиттелген өкілдіктер мен халықаралық ұйымдарда жұмыс істейтіндер санаққа енгізілмейді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06