Инфляцияға қатысты болжамдар қайта қаралды
Қазақстанда мұнай бағасы, жалпы ішкі өнім және инфляцияға қатысты болжамдар қайта қаралды. Ұлттық банк сарапшылар қауымдастығы арасында жүргізген макроэкономикалық шолудың нәтижелерін жариялады.
Биылға арналған Brent маркалы мұнай бағасы төмендетіліп, баррель үшін 63,8 долларынан 62,5 долларға түзетілді. Ал жалпы ішкі өнім өсімі 4,9 пайыздан 4,8 пайызға кеміген. Инфляция 10 пайыздан 10,8 пайызға дейін қайта қаралды. Демек, инфляция бұған дейінгі болжамнан да жоғары болуы мүмкін. Ұлттық банк мәліметінше, сауалнамаға макроэкономикалық көрсеткіштерді талдау және болжаумен айналысатын 13 ұйым қатысты. Респонденттердің қатарында кәсіби нарық қатысушылары, зерттеу институттары, халықаралық ұйымдар және рейтингтік агенттіктер бар.
Кесте:
2026 жыл
Brent — 63,8 доллар - 62,5 доллар
ЖІӨ — 4,9 пайыз - 4,8 пайыз
Инфляция — 10 пайыз - 10,8 пайыз
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06