Қостанай облысында 40 бас ірі қара тиеген жүк көлігі жолдан шығып кетті
Қостанай облысының Қамысты ауданында, Адаевка ауылының маңында 40 бас ірі қара тиеген жүк көлігі жол жиегіне шығып кетіп, қарға батып қалды. Құтқарушылар мен жол қызметкерлері бірігіп, ауыр техниканы алып шықты. Жүк көлігінің жүргізушісі аман. Сондай-ақ, қатты аязға байланысты шектеу қойылған «Алматы-Екатеринбург» бағытында Челябіден Тәжікстанға бағыт алған жолаушылар автобусы тоқтатылды. 44 жолаушы жақын маңайдағы жылыту пунктіне жедел орналастырылды. Мамандар алыс жолға шықпас бұрын автожолдар жайлы ақпаратты алдын ала анықтап алуды ескертеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06