Басты Жаңалықтар Әлем жаңалықтарына шолу

Әлем жаңалықтарына шолу

Америка Құрама Штаттары Венесуэла мұнайының бірінші партиясын сатуды аяқтады. Оның құны 500 миллион долларға жеткен. Мұны Ақ үйдегі әкімшілікке сүйеніп, «Си-эн-эн» телекомпаниясы хабарлап отыр.

Вашингтон әлемнің 75 еліне иммиграциялық виза беруді тоқтатты. Мемлекеттік департаменттің мәлімдеуінше, мұндай шешім Америка қоғамына салмақты азайту мақсатында қабылданды. Алайда сыншылардың ойынша, бұл тыйымнан заңды иммигранттар да зардап шегуі мүмкін.

Иран АҚШ-пен әскери қақтығыс басталуы мүмкін деген қауіппен бүгін өзінің әуе кеңістігін бес сағатқа жуық жауып, қайта ашты. Дегенмен FlightRadar24-тің мәліметінше, әлемнің көптеген авиациялық компанияларының ұшақтары Ислам Республикасының аспанын бәрібір айналып өтіп жатыр.

Гренландияда жергілікті және Дания әскерінің саны көбейтіле бастады. Тараптар қорғанысты АҚШ президенті Дональд Трамп Гренландияны бақылауға алатынын жарияланғаннан күшейтіп жатыр.

Украинаның энергетика секторында төтенше жағдай жарияланды. Президент Владимир Зеленский мұндай шешімді Ресейдің зымырандық, дрондық шабуылдарынан қыс ішінде жүздеген мың адам жарықсыз, сусыз, жылусыз қалғанда қабылдап отыр.


Бөлісу