СҚО-да креатив орталық ашылды
Солтүстік Қазақстан облысында шалғайдағы ауыл тұрғындары цифрлық технологияларды меңгеру мүмкіндігіне ие болды. Тимирязев ауданының орталығында заманауи креатив орталық ашылды. Осымен өңірде 7 ІТ нысан іске қосылды. Наурыз айына дейін оларлың санын 14-ке жеткізу жоспарланған.
Даниил Степаненко – 11 сынып оқушысы. Ауыл мектептерінің шәкірттеріне арналған
білім беру платформасын жасап шығарған. Қосымша арқылы балалар физика,
математика, информатика сынды тағы басқа пәндерді оқып, роботехниканы меңгере
алады. Жас өнертапқыш ІТ орталық жан-жақты дамуға мүмкіндік беретініне сенімді.
Даниил Степаненко, оқушы:
Мен өзім жасап шығарған қосымшаны жетілдіріп жатырмын. Қазір цифрлық платформаны жүздеген оқушы пайдаланып жүр. Айти орталық оны дамытуға көмектеседі деп ойлаймын. Бұл жерде мен сияқты оқушылар өз жобаларын жүзеге асыра алады.
Нұрсая Рысдәулет, оқушы:
Бұл бізге үлкен мүмкіндік береді. Болашақта ІТ саласы арқылы дамып кетуге болады. Мысалы, жастардың көбісі қазір қалаға барады, осы үшін. Ал мен отырып, осылай қашықтықтан оқуға мүмкіндік береді.
Мемлекет
басшысы биыл «Цифрландыру және жасанды интеллект» жылы деп жариялады. Заманауи
алаң тек жастарға ғана емес, жаңашылдыққа ұмтылатын ересек буынға да өз
мүмкіндіктерін дамытуға арналған ортаға айналмақ.
Ақайша Шаяхметова, зейнеткер:
Зейнетке шыққаннан бері өзіме ұнайтын кәсіптермен айналысуды шештім. Міне, ауданда ашылып жатқан осындай орталыққа өте қуаныштымын. Осы орталықтың күшіменен жастар үйретіп, әлеуметтік желілерге шығарады деп ойлаймын. Сол жерде осы бұйымдарымды сатқым келеді.
Жаңа нысанда коворкинг, робототехника, дрон, жасанды интеллектті меңгеру,
стартап жобаларды дамыту алаңдары іске қосылды. Орталық қажетті техникамен жабдықталған.
Ерлан Жаров, Тимирязев ауданының әкімі:
Айти орталық біздің ауданға цифрландыру, экономика саласында дамуға мүмкіндік береді. Орталықта техникалық мүмкіндіктердің барлығы бар. Қазір ауыл шаруашылығы саласында жасанды интелект қолданыла бастады. Мамандар қажет. Бұл орайда креатив орталық тиісті жұмысты атқарады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық «Түркістан» газетіне берген
сұхбатында Қазақстан – цифрлық державаға айналуы тиіс екенін атап өтті.
Президент тапсырмасын орындау мақсатында барлық аудандарда креатив орталықтары
ашылмақ.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада емханалар сақтандыру қорынан ₸682 млн жымқырған
15.01.2026, 20:09
Алматыда коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті
15.01.2026, 20:07
Атырауда көктайғақтың кесірінен 200-ге жуық адам зардап шекті
15.01.2026, 20:06
Мемлекет басшысы Сергей Пономаревті қабылдады
15.01.2026, 20:03
Президент Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады
15.01.2026, 20:01
Президент Халықаралық шаңғы спорты және сноуборд федерациясының президентін қабылдады
15.01.2026, 20:00
Тараз бен Түркістанда «Таза бейсенбі» акциясы өтті
15.01.2026, 17:39
Сарапшы: Тұтынушылардың 27% отандық өнімді айыра алмайды
15.01.2026, 17:37