ЖИ инсультті 2-3 минутта дәл анықтап береді
Ақмола облысында инсультті диагноздайтын жасанды интеллект жүйесі іске қосылды. «Cerebra» бағдарламасы арқылы дәрігерлер инсультті 2-3 минутта анықтауда. Бұл аурудың салдарын жеңілдетіп, науқастың тез аяққа тұруына мүмкіндік береді, дейді мамандар.
56 жастағы Ербол Шәріпов облыстық ауруханаға бір жақ аяқ-қолы қозғалмай, сөйлеуге де шамасы болмай түскен. Дәрігерлер жасанды интеллектінің көмегімен, тромбының нақты қай аумақта орналасқанын тез анықтаған. Нәтижесінде жасалған ем шипалы болды дейді.
Ербол Шәріпов, Көкшетау тұрғыны:
Жасанды интеллектіні медицинада қолдануы дұрыс деп ойлаймын. Ақ халатты абзал жандарға басымды ием, олардың еңбектері өте көп, өзімнің бұрынғы қалпыма қалыптасып кетуіме. Аяқ-қолым жақсы жұмыс істейді.
Бағдарлама инсультті тез анықтап, нақты диагноз қоюға мүмкіндік береді. Тіпті әр миллиметрге дейінгі дәлдікпен қорытындыны 2-3 минутта шығаратыны қуантады. «Cerebra» қосымшасы біздің телефонымызға енгізілген. Соның арқасында тәулік бойы, онлайн режимінде диагностика жасай аламыз.
Осыған дейін дәрігерлер инсультті анықтау үшін 1 сағаттан аса уақытын жұмсаған. Ал науқасты аман алып қалу үшін үшін әр минут маңызды. Неғұрлым тез диагноз қойылса, аман алып қалуға болады,-дейді ақ халаттылар. Мәселен, инсульт алған 77 жастағы Нина Запольская дұрыс диагноз қойылғанның арқасында бір тәулікте аяққа тұрған.
Ауруханаға ауыр жағдайда түстім, есімді де дұрыс білмеймін, қозғала да, сөйлей де алмайды екенмін. Дәрігерлер алғашқы көмек жасап, тез қалпына келе алдым. Алғаш сөйлеген кезімде бұл шынымен мен сөйлеп тұрмын ба деп таң қалғаным бар. Дәрігерлерге алғысым шексіз.
Жасанды ителлект тезірек анықтайды инсультті. Жіті ауырған кезде КТ снимогында көрсетпеуі мүмкін. Бірақ «Cerebra» программасы мидың қалпын, толықтығын, өлшемін өлшеп, инсультін анықтап, информацияны 3-5 минутта жібереді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы