Мемлекет басшысы Сергей Пономаревті қабылдады
Мемлекет басшысы Қазақстандағы
орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының төрағасы, Мәжіліс депутаты
Сергей Пономаревті қабылдады. Ол ұлтты
ұйыстыратын фактор ретінде мемлекеттік тілді насихаттаудағы славян ұйымдарының
жұмысы туралы баяндады. Сонымен қатар Қазақстан халқы
Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру аясындағы
Қауымдастықтың жоспарын таныстырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев этносаралық келісім мен бірлік мемлекеттік саясаттың басты
бағыттарының бірі саналатынын атап өтті. Осы орайда Ассамблея мен оның құрамына
кіретін ұйымдар барлық этнос өкілдерінің арасында ортақ құндылықтарды қазақстандық
патриотизм негізінде насихаттауға жан-жақты ықпал етуге ден қояды.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Психолог: Баланың интернетке тәуелділігін ерте анықтаған абзал
21.07.2026, 20:29
Құрылтай сайлауы – жаңа саяси кезең
21.07.2026, 20:27
Әскери оқу орындарына түсуді қалайтын жастар саны артып келеді
21.07.2026, 20:25
Әлеуметтанушы: Той өткізу мәдениетіне өзгеріс керек
21.07.2026, 20:19
Абай облысында қайтарылған активтер есебінен 27 нысан салынып жатыр
21.07.2026, 20:18
Ұлт ғылымының ұлы тұлғасы
21.07.2026, 20:17
Әскер туралы жалған ақпарат таратқан азамат сотталды
21.07.2026, 20:14
Телемедицина жүйесін дамыту жұмыстары жалғасып жатыр
21.07.2026, 20:11