НАТО елдері Гренландияға әскер жіберді
Дания мен НАТО-ға мүше бірнеше ел Гренландияға әскер жібере бастады. Бұл қатарда Германия, Франция, Швеция мен Норвегия бар. Осы арқылы Дания аралдағы әскери күшін арттырмақ. Жеке құраммен бірге ұшақтар мен кемелер жіберіледі. Бұл шешім Дания мен Гренландияның сыртқы істер министрлерінің Вашингтонға сапарымен тұспа-тұс келді. Ақ үйде дипломаттарды вице-президент Джей Ди Ванс пен мемлекеттік хатшы Марко Рубио қабылдаған. Дания мен АҚШ арасында байланыс соңғы уақытта шиенілісті. Бұған Дональд Трамптың кез келген жолмен, тіпті күш арқылы Гренландияға бақылау орнату туралы мәлімдемелері түрткі болды.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар кітап оқуға қаншалықты көңіл бөледі?
06.11.2026, 20:28
Көшбасшы әйелдердің республикалық семинары өтті
06.11.2026, 20:27
Еңбек – адамды биікке жетелейтін құндылық
06.11.2026, 20:26
Жоғары білімнің болашағы талқыланды
06.11.2026, 20:25
Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады
06.11.2026, 20:25
Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысын құру ұсынылды
06.11.2026, 20:24
ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды
06.11.2026, 20:22
Құрылтай депутаттары жастармен кездесті
06.11.2026, 20:18