Тегеран әуе кеңістігін жапты
Иран азаматтық ұшақтарға әуе кеңістігін жабатынын ресми хабарлады. Бұл шектеудің күші арнайы рұқсатпен елге немесе одан шығатын халықаралық рейстерге қатысы жоқ. Бұған қоса Иранның Ислам революциясы сақшыларының корпусы мен әуе қорғанысы жүйесі жоғары әскери дайындыққа көшкен. АҚШ Тегеранға қарсы әскери акция мәселесін қарастырып жатыр. Бұл тұста Пентагон Қатардағы әуе базасының персоналын қысқартты. Британия Тегерандағы елшілігін уақытша жауып, қашықтан жұмыс істеуге көшкен. Соңғы мәліметтерге сай, Иранда үкіметке қарсы шерулер кезінде 2400-ден астам адам қаза тапқан. 18 мыңнан астам адам ұсталды.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы басталды
18.04.2026, 20:05
Қызылордада инновациялық жобалар байқауы өтті
18.04.2026, 20:05
«Таза Қазақстан» акциясы аясында әке мен бала ағаш отырғызды
18.04.2026, 20:04
«Mamma Mia!» музыкалық спектаклі өтті
18.04.2026, 20:04
Ақтауда «Тегін заң көмегі» акциясы өтті
18.04.2026, 20:04
Қажылық сапар ұйымдастырамын деп 7,4 млн теңгені жымқырған ер адам сотталды
18.04.2026, 20:04
Ормұз бұғазы қайта жабылды
18.04.2026, 20:04
Трамп НАТО-ны сынға алды
18.04.2026, 20:04