Депутат: Сәбіз экспортын шектемеу керек
Келісін 80 теңгеден сатудың өзі қиын. Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев сәбіз өсіретін шаруалардың жанайқайын жеткізді. Егер сәбіз экспортына шектеу қойылса, олар шығынға шаш етектен батады деп отыр. Бұдан бөлек, қазір қоймалар сәбізге толы. Оны тездетіп сатпаса, бұзылып кетеді деген мәжілісмен депутаттық сауалын Премьер-Министр орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге жолдады.
Темір Қырықбаев, Мәжіліс депутаты:
Мәселен, Павлодар облысында ғана фермерлердің қолында 120 мың тоннадан астам сәбіз қоры бар. Қазіргі жағдайда оны келісі 80 теңгеден сатудың өзі қиын. Себебі сұраныс төмен. Ал сәбіз – ұзақ сақталмайтын өнім. Сондықтан экспортқа уақытша шектеу қолда бар өнімді өткізу мүмкіндігін одан әрі тарылтады. Ойластырылмаған әкімшілік шешімдер отандық фермерлердің шетелдік нарықтардағы орнын әлсіретіп, оларды бәсекелестерге оңай беріп қоюға әкеледі.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Инвестициялық қауіпсіздік деңгейі бойынша Қазақстан 150 мемлекеттің ішінде 53-орынға көтерілді
23.07.2026, 09:14
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16