Кез келген азаматты байқатпай бақылауы мүмкін
Кез келген қазақстандық жасырын бақылауға алынуы мүмкін. Мәжіліс депутаты электрондық құрылғы нарығын бақылауды ұсынды. Себебі бұл азаматтардың жеке өмірі мен отбасылық құпиясын қорғау құқығына қауіп төндіріп қана қоймай, жеке деректерді заңсыз жинау, бопсалау, қысым көрсету,тыңшылық сияқты тәуекелдерді арттырады деді. Тіпті шетелдік көліктердің өзінен қауіп көп екенін жеткізді.
Әбутәліп Мутәлі, Мәжіліс депутаты:
Жаңа буындағы автомобильдер, соның ішінде аса үлкен сұранысқа ие Қытай автомобильдері, шетелдік серверлер мен пайдаланушы аккаунттары арқылы жұмыс істейді. Бұл еліміздің азаматтарына қатысты деректердің, соның ішінде қозғалыс маршруттары мен пайдаланушылық ақпараттың, шетелдік юрисдикцияларда өңделуіне әкеледі. Қарапайым тілмен айтқанда, шетелдік компаниялар біздің азаматтарымыздың барлық қозғалысы мен басқа да әрекеттерін бақылап, талдай алады. Осы құрылғылардың айналымын реттеу үшін кешенді құқықтық және бақылау тетігін әзірлеп, шұғыл түрде шара қабылдауды сұраймын.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Дзюдодан Grand Slam турнирі басталды
08.05.2026, 13:24
Шымкентте С.Рахымовтың рухына тағзым етті
08.05.2026, 13:21
Миссиссипи штатындағы торнадодан 17 адам жарақат алды
08.05.2026, 13:18
Соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден берілді
08.05.2026, 13:15
Global Firepower 2026 рейтингінде Қазақстан 58 орында тұр
08.05.2026, 13:12
«Әлімбет» шекаралық бақылау-өткізу пунктін жөндеп жатыр
08.05.2026, 13:09
Саяси жүйеде өзгерістер болады
08.05.2026, 13:06
М.Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі болды
08.05.2026, 13:03