Басты Жаңалықтар Елді елең еткізген жаһан жаңалықтары

Елді елең еткізген жаһан жаңалықтары

Шерулер кезінде қаза тапқандар саны 2 мыңға жетті

Иранда желтоқсанның 28-де басталған шерулер кезінде 2 мыңдай адам қаза тапқан. Мұны Ислам Республикасы үкіметінің өкілі бүгін «Рейтер» агенттігіне берген сұқбатында алғаш рет мойындады.

Бүгін Ақ Үйде Иран мәселесі талқылануы мүмкін

АҚШ әкімшілігінің ұлттық қауіпсіздік командасы жергілікті уақытпен сейсенбі күні Ақ үйде кездесу өткізіп, Иранға қандай шара қолдану қажеттігін талқылауы мүмкін.

Дегенмен, Иран сыртқы істер министрі Аббас Аракчи мәлімдегендей, Тегеран Вашингтонмен келіссөздерге де, соғысқа да дайын отыр.

Қара теңізде 4 мұнай танкеріне шабуыл жасалды

Бүгін Қара теңіздің ресейлік жағалауында грекиялық компанияға тиесілі төрт мұнай танкері Каспий құбыр консорциуымының терминалына барар жолда белгісіз дрондардың шабуылына ұшырады. Мұны «Рейтер» агенттігі сегіз дереккөзге сүйеніп хабарлап отыр.

Венаның халықаралық әуежайы уақытша жабылды

Бүгін Австрия астанасы Венаның халықаралық әуежайын уақытша жабуға тура келді. Мұндай шешім авиациялық порттың ұшу-қону алаңын мұз басқаннан кейін қабылданып отыр.

Қысқы Олимпиада алауы альпі тауының шыңына көтерілді

Италияда қысқы ойындар алауы Альпі тауының ең биік шыңы Мобланға көтерілді. Естеріңізге сала кетсек, Милан мен Кортинада Ақ Олимпиада биыл ақпанның 6-да басталып, 22-де аяқталады.

Бөлісу