Кеңесте алдымен білім беру бағыты сараланды. Өңірде соңғы үш жылда 26 жаңа мектеп салынған. Нәтижесінде үш ауысымдағы және апатты жағдайдағы білім ордаларының мәселесі түбегейлі шешілді. Алайда халық санының өсуіне байланысты 2028 жылға қарай оқушы орнының тапшылығы 4 мыңға жетуі мүмкін. Кадр тапшылығы да бар. Бұл бюджетке қосымша жүктеме.
Дәл осы бағытта әр саладағы түйткілді мәселелер көтерілді. Ондағы басты мақсат – дамудың кешенді жоспарын әзірлеу, деді Аида Балаева. Мәселен, туристерді тарту үшін инфрақұрылымды дамытумен қатар оқиғалы іс-шаралар мен фестивальдер ұйымдастыруды қолға алу керектігіне назар аударылды. Сонымен қатар цифрлық даму бағытында да өңірге кешенді жоспар керектігі айтылды.
Бүгінгі таңда кәсіби бағдар беру жұмысын күшейту мәселесін қолға алуды өтінеміз және бұл жұмыстарға тікелей қатысуға, атсалысуға дайынбыз. Қажетті мамандықтар бойынша осы аймаққа арнап грант бөлу мәселесін қарастыруға мүмкіндік бар. Грант бөлу мәселесіне заңды түрде шектеу қойылмаған. Біз осы жұмысқа кірісуге дайынбыз.