ШҚО-да бірнеше бағыттағы автокөлік жолдары жабық тұр
Шығыстағы солтүстік аудандарда қарлы боран әлі соғып тұр. Дәл қазір облыстық маңыздағы екі жол, ал республикалық сипаттағы Өскемен – Алтай – Рахман қайнары және Алматы – Шемонайха бағытындағы автокөлік жолдарының кейбіріне уақытша шектеу қойылды. Көктайғақпен қоса қатты желден жол дұрыс көрінбейді. Кеше жабылған бағыттар бүгін ішінара ашылды. «ҚазАвтоЖол» мекемесінің мамандары жолдағы қарды күреп жатыр. Ал «Қазгидромет» орталығы ертеңнен бастап өңірде қатты аяз түсетінін хабарлады. Сондықтан төтенше жағдайлар қызметі халыққа алыс жолға шықпауға, қалың киініп, көлікті қыздырғанда қауіпсіздік ережелеріне өте мұқият болуға кеңес береді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00