Басты Жаңалықтар Елдегі астық экспорты рекордтық деңгейге жетті

Елдегі астық экспорты рекордтық деңгейге жетті

Қазақстаннан астықтың теміржол арқылы экспорты соңғы 10 жылда рекордтық деңгейге жетті. Былтыр теміржол арқылы 11 млн тонна астық экспортталған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 33 пайызға көп. Аталған көлем соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш болды.

Негізгі өсім Орталық Азия елдеріне тиесілі. Бұл бағытқа 6,3 млн тонна астық жөнелтілді. Өзбекстанға тасымалдау 32 пайызға, Қырғызстанға 2 есе, Тәжікстанға 12 пайызға өсті. Сарапшылардың айтуынша, астық логистикасы Қазақстанның мұнайға жатпайтын экспортының негізгі драйверлерінің біріне айналып келеді.

2025 жылы – 11 млн тонна астық

Өсім – 33%
Орталық Азия – 6,3 млн тонна астық
Өзбекстан – 32%
Қырғызстан – 2 есе
Тәжікстан – 12%



Бөлісу