Атырау облысында электр энергиясы мен жылу тарифі өзгермейді
Атырау облысында электр энергиясы мен жылу тарифі өзгермейді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғановтың қатысуымен Атырау жылу электр орталығында өткен кеңесте айтылды. Орталық негізгі отын саналатын табиғи газды 1993 жылдан бері «Теңізшевройлдан» жеңілдетілген шарттармен сатып алып келген. Жаңа жылдан бастап «QazaqGaz» ұлттық компаниясы өндіруші компаниямен жасаған келісімшарт негізінде табиғи газ бағасын көтеруді ұсынып отыр. Яғни, бұрын жылу орталығы тауарлық газдың мың текше метрін 7700 теңгеден алып келсе, «QazaqGaz» ұлттық компаниясы оның бағасын 4 есе өсірмек. Салдарынан тұтынушы үшін жылудың орташа тарифі 74, ал электр қуаты 41 пайызға артады. Осыған орай Парламент депутаттарының араласуымен Үкімет жанынан арнайы жұмыс тобы құрылып, іске кірісті. Әзірге баға өспейді. Ол Үкімет басшысының назарында, деді Мәжіліс депутаты.
Дүйсенбай Тұрғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Енді тікелей тапсырмасы Энергетика министрлігіне берілген: ол ТШО тікелей Атырау жылу электр орталығымен келісімшартқа отырсын деген. Қазіргі таңда Энергетика министрі хатын ТШО-ға жолдады. Бірақ әзірге нақты жауап алынған жоқ. Соны күтіп отырмыз. Бірақ бүгінгі таңда 30 сәуірге дейін биылғы жылға келісімшарт бар. Ол келісімшартта бағасы да, көлемі де, тұтынатын газдың мөлшері де көрсетілген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы