ҚҚС: 1 сәуірге дейін салық қарызын өтегендерге айыппұл салынбайды
1 сәуірге дейін салық қарызын өтегендерге айыппұл салынбайды. Үкімет қосылған құн салығына қатысты осындай жеңілдік жасап жатыр. Енді айына 1 млн теңгеден аса табыс табатындар кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті емес. Ал бұған дейінгі заңда керісінше еді. Яғни, 1 млн теңге табыс табатындардың барлығы «жеке кәсіпкер» ретінде тіркелетін. Сондай-ақ салық берешегін бір жыл ішінде бөліп төлеуге болады.
Самал Қабышева, тілші:
10 000 АЕК. Бұл дегеніміз 43 250 000 теңге. Яғни, 43 млн теңгеден артық табыс табатындар қосылған құн салығын төлеуге міндетті. Жаңа Салық кодексіне сәйкес, табысының 16 пайызын осы бағытқа жұмсайды. Бұған дейін 12 пайыз болған. Ал бұрынғы заңда бұл шек 73 млн теңге шамасында еді. Енді табысы 43 млн теңгеден асып кеткендерге қосылған құн салығын төлемедің деп бірден айыппұл салынбайды. Үкімет салық төлеушілерге осындай жеңілдік жасап отыр. Бірақ қарыздың негізгі сомасы 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін төленуі тиіс. Осы жағдайда ғана айыппұл салынбайды. Өсімпұл да есептелмейді. Сондықтан мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.
Тағы бір салықтағы жақсы жаңалық. Енді екінің бірі жеке кәсіпкер ретінде тіркелмейді. Яғни, айлық табысы 1 млн 300 мың теңгеден аспайтын, яғни ай сайын 300 айлық есептік көрсеткіш көлемінде табыс табатындар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті емес. Олар өзін-өзі жұмыспен қамтығандар тізіміне кіреді. Табыс салығын төлемейді. Тек табысының 4 пайызын ғана әлеуметтік аударымдарға төлейді. Оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары бойынша 1 пайыз, әлеуметтік аударымдарға 1 пайыз, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға 1 пайыз. Бұған дейінгі заңдағыдай салыққа, одан бөлек зейнетақы қорына 10 пайыздан аудару деген болмайды. Салық декларациясын тапсырудан да босатылады. Барлығы e-Salyq Business мобильді қосымшасы арқылы жұмыс істейді. Енді салық қарызы 6,5 млн теңгеге дейін болса, оны 1 жылға дейін кейінге қалдыруға немесе 1 жыл бойы бөліп төлеуге болады. Ең бастысы кепілге мүлік қоюдың және банктен кепілдік алудың қажеті жоқ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы