Ұлттық ұланның құрылғанына – 34 жыл. Ел тыныштығын күзеткен құрылымның сапында жыл сайын 14 мыңнан астам сарбаз Отан алдындағы борышын өтейді. Мемлекет басшысы жуырдағы сұхбатында «Әскер жастарға қолдау көрсетіп, оларды еліміздің нағыз азаматы ретінде тәрбиелеп шығаруы керек», – деді. Сондай-ақ күштік құрылымдардың беделі мен ондағы темірдей тәртіптің де маңызы зор екенін атап өтті.
Ескендір Сараубек, 6697 әскери бөлімі командирінің орынбасары:
«Заң мен тәртіп» қағидасы әскери қызметте де қолданылып жатыр. Профилактикалық шараларды көптеп өткіземіз. Әскери прокуратура бар, әскери полиция бар. Әскерде барлық керек жабдық бар. «Сарбаз 02» бағдарламасы бойынша ЖОО-ға сертификаттар арқылы оқуға түседі.