Халықаралық Жәутіков олимпиадасы басталды
Алматыда 22-Халықаралық Жәутіков олимпиадасы басталды. Білімділер додасына 16 мемлекеттен 600-ден астам оқушы қатысуда. Олар математика, физика және информатика пәндерінен бақ сынайды. Олимпиада теориялық және тәжірибелік кезеңдер бойынша 5 күнге жалғасады. Тапсырмалар мамандандырылған сыныптар бағдарламасына негізделген. Сұрақтарды халықаралық қазылар алқасы құрастырды. Сарапшылардың сөзінше, білімділер сайысы ойы ұтқыр, алғыр оқушыларды анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан Жәутіков олимпиадасына қатысуға ниет білдірген мемлекеттердің саны жыл сайын артып келеді.
Әділ Жиенбаев, олимпиадаға қатысушы:
Сұрақтар негізі күрделі. Біздің мектепте тренеріміз бізді физикаға қатты дайындайды. Әсіресе, эксперименталды турға өте қатты дайындайды. Республикалық олимпиададан орын алған балалар қатысады. Олар мықты деп ойлаймын.
Асқар Жұмаділдаев, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі:
Ең бастысы, бұл ғылымға қатысты. Ғылыми мықты есептер қарастырылады. Биыл бір жаңалық – Пәкістаннан бір ел кіріп отыр. Келесі жылы Вьетнамға барып келдім, Камбоджаға барып келдім, Қытайға барып келдім. Ол елдер де бұған қатысайын деп отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06