Түркістан облысында жарылыс салдарынан зардап шеккен екінші адам қайтыс болды
Түркістан облысы Кентау қаласындағы қоғамдық тамақтану орнында болған жарылыс салдарынан зардап шеккен екінші науқас қайтыс болды. Қызыл жалыннан денесінің 90 пайызын күйік шалған 20 жастағы жігітті дәрігерлер аман алып қала алмады. Ол қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жан тәсілім етті.
Еске салайық, 1 қаңтар күні көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан қоғамдық тамақтану орнында газ-ауа қоспасының жарылысы болып, арты өртке ұласқан еді. Қайғылы оқиға салдарынан 18 жастағы студент қыз оқиға орнында қаза тапқан болатын. Денесін күйік шалған төрт адам ауруханаға түскен. Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06