Иранда көтеріліс кезінде қаза тапқандар саны 544-ке жетті. Құрбандардың 48-і – қауіпсіздік қызметкерлері, 496-ы – демонстранттар. Тағы 10 600 адам тұтқындалған. Мұны АҚШ-та орналасқан Адам құқығы белсенділерінің ақпарат агенттігі хабарлады. Алайда Иран үкіметі әзірге мерт болғандар туралы ресми мәлімет таратқан жоқ.
Ислам Республикасында ұлттық валютаның құнсыздануы мен шарықтаған инфляцияға қарсы акциялар желтоқсанның 28-інде басталған еді.
Associated Press агенттігінің хабарлауынша, қазір АҚШ әкімшілігі Иранға тікелей соққы беру, кибершабуыл жасау және өзге де шаралар қолдану мәселесін таразылап жатыр.